Қазақстандық теннисшілер Еуропадағы турнирлердің финалисі атанды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық теннисшілер Александр Недовесов пен Жібек Құламбаева Еуропадағы турнирлердің финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сурбитон (Ұлыбритания) челленджер додасының үшінші ракеткалары болып тіркелген А. Недовесов пен пәкстандық Айсам Куреши финалда ұлыбританиялықтар Джулиан Кэш – Анри Паттенмен бас жүлдені сарапқа салды.

Бірінші партияда А. Недовесов пен А. Куреши брейк жасап, басымдылық танытты – 6:4.

Екіншісінде қарсыластары есе қайырды – 6:3.

Супер тай-брейкте ұлыбританиялықтардың бағы жанды – 11:9.

Жібек Құламбаева жұптық сында латвиялық Диана Марцинкевичпен бірге Италияның Брешия қаласында ITF W60 жарысының финалында италиялықтар Нурия Бранкаччио – Лиза Пигатомен ойнады.

Бұл матчта да корт иелері айласын асырып кетті – 6:4, 6:1.

Осылайша, А. Недовесов пен Ж. Құламбаева соңғы бәсекеде жеңіліс тауып, финалист атанды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жібек Құламбаеваның Италиядағы жарыстың финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ, Александр Недовесов Ұлыбританиядағы турнирдің финалына шықты.


Соңғы жаңалықтар