Қазақстандық теннисшілер Федерация Кубогы рейтингінде екі сатыға көтерілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Федерация Кубогының жаңартылған рейтингі жарияланды,  деп хабарлайды Sports.kz.

Қазақстандық теннисшілер Федерация Кубогы рейтингінде екі сатыға көтерілді

Көш басында тұрған Чехия өз орнын сақтап қалды, оның активінде 33942,5 ұпай бар, екінші орында - Беларусь (14580 ал үштікті америкалық теннисшілер (13992,5) түйіндеді.

Қазақстан құрамасы канадалық командадан жеңілгеніне қарамастан екі сатыға көтеріліп, 21 орынға тұрақтады (1997,5).