Қазақстандық теннисшілер Федерация Кубогын жеңіспен бастады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан құрамасы Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан Федерация Кубогын Гонконгке қарсы матчпен бастады, деп хабарлайды Sports.kz.
Бірінші ойында еліміздің бірінші ракеткасы, WTA рейтингінде 55-орында тұрған Зарина Дияс, гонконгтік қарсыласы Хо-Чинг Вуды (1123) 6:3, 6:1 есебімен еш қиындықсыз жеңді.
Матчтың екінші кездесуінде Юлия Путинцева Кван Яу Нгмен бақ сынайды.