Қазақстандық теннисшілер халықаралық турнирде көш бастады

БІШКЕК. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат /Владимир Добровольский/ - Үстел теннисінің қазақстандық шеберлері Орталық Азия елдерінің ұлттық құрамалары арасында өткен халықаралық турнирде екі рет жеңімпаздар тұғырына көтерілді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ыстықкөл жағасында өткен жарыста біздің отандастарымыз өзбекстандық спортшыларды 3:2 есебімен жеңіп, командалық есепте бірінші орынға шықты. Қазақстан спортшылары жеке сайыстарда да көзге түсті, онда Ермек Бекназаров пен Александр Максимов бірінші және екінші орындарға ие болды.
Соңғы жаңалықтар