Қазақстандық теннисшілер Қырғызстандағы ашық клубтық чемпионаттың жеңімпаздары қатарына енді

БІШКЕК. Наурыздың 6-ы. ҚазАқпарат /Владимир Добровольский/ - Қырғыз Республикасындағы ашық клубтық чемпионаттың бірінші турының қорытындысы бойынша Жамбыл облысының «Масанчи» командасы жеңімпаз үштіктер қатарына енді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Турнирді ұйымдастырушылардың айтуына қарағанда, турнирге қатысқан қазақстандық спортшылар Тимур Бейсалиев, Самат Бейсенов және Нұри Харкилерден құралған жамбылдық команда мүшелері бірінші турдың қорытындысы бойынша Жәлелабад қаласынан келген «Старт» командасын ғана алға жіберіп, екінші орынды иеленіп отыр. Қырғыздық және қазақстандық (Астана, Алматы, Жамбыл және Павлодар облыстары) жеңімпаздардан басқа ашғабадтық (Түрікменстан) спортшылар да турнирге қатысып, мықтылар қатарынан көрінуде. Төрт турдан турнир жеңімпаздары белгілі болады.
Соңғы жаңалықтар