Қазақстандық теннисшілер Мароккода өтіп жатқан «Челленджер» сериясындағы халықаралық турнирдің финалына шықты
АСТАНА. 19 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисшілер - Юрий Щукин мен Евгений Королев - бұл күндері Мароккода өтіп жатқан «Челленджер» сериясындағы жұптық разрядтағы халықаралық турнирдің финалына шықты,
деп хабарлады Қазақстанның теннис федерациясының баспасөз қызметінен.
Қазақстандықтар жартылай финалда австриялық Джордан Керри мен германиялық Михаэл Кольманның жұбын 6:1, 3:6, 10:6 есебімен жеңді.
Бүгін өтетін финалдық ойында Щукин-Королев жұбы итальяндық теннисшілер Алессио Ди Мауро мен Симоне Вагноззидің жұбымен кездеседі.