Қазақстандық теннисшілер Мельбурн турнирінің жартылай финалына шыға алмады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандықтар Александр Бублик пен Андрей Голубев жұптық сында Мельбурн ATP 250 Great Ocean Road Open жарысының жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық жұп ширек финалда осы турнирдің 2-ракеткалары, ұлыбританиялық Джейми Маррей - бразилиялық Бруно Соареспен кездесті.
Д.Маррей мен Б.Соарес бірінші партияда 6:4 есебімен жеңіске жетсе, екіншісінде А.Бублик пен А.Голубев есе қайырды - 6:4.
Тай-брейкте ұлыбританиялық-бразилиялық жұптың жолы болды - 10:7.
Бәсеке 1 сағат 15 минутқа созылды.
Д.Маррей мен Б.Соарес жартылай финалда хорватиялық Иван Додиг - словакиялық Филип Полашекпен шеберлік байқасады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын А.Бублик пен А.Голубевтің Мельбурн турнирінің ширек финалына өткенін жазған болатынбыз.