11:47, 10 Шілде 2009 | GMT +5
Қазақстандық теннисшілер Тайландта Дэвис кубогының Азия-Тынық мұхиты аймағындағы 2-ші раунд кездесулерін өткізеді
АЛМАТЫ. Шілденің 10-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Тайландтың Бангкок қаласында теннистен Дэвис кубогының Азия -Тынық мұхиты аймағындағы бірінші топта бақ сынайтын командалардың 2-ші раунд матчтары басталады,

деп хабарлайды ҚазАқпрарат ҚР Теннис федерациясының сайтына сілтеме жасап.
Шілденің 9-ы күні өткен жеребе тастау қорытындысы бойынша Бангкоктағы ұлттық теннис кортында бірінші болып Қазақстан мен Тайланд құрамаларының ең үздік ойыншылары бақ сынайды. Қазіргі таңда Андрей Голубев пен Перакиат Сирилуетхаватана арасындағы бұл ойын басталып та кетті. Олардан кейін кортқа Михаил Кукушкин мен Киттипонг Ваширамановонг шығады. Теннисшілердің жұптық ойындары ертең болады. Онда Юрий Кукушкин мен Алексей Кедрюк тайланттық егіздер Санчай Ративатана мен Сончат Ративатанамен күш сынасады. Ал шілденің 12-сінде Андрей Голубев Киттипонг Ваширамановонгпен, Михаил Кукушкин Перакиатом Сирилуетхаватанмен сынға түседі.