Қазақстандық теннисшілердің әлемдік рейтингідегі орны анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жекелей және жұптық сында жаңартылған әлемдік рейтингіні жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисшілердің әлемдік рейтингідегі орны анықталды

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 37-орнын сақтап қалды.

Тимофей Скатов 141-ден 142-ге сырғыды.

Дүниежүзілік рейтингіде бұрынғыша испаниялық Карлос Алькарас көш бастап келеді. Оның отандасы Рафаэль Надаль екінші, грекиялық Стефанос Циципас үшінші сатыда.

Жұптық сында Андрей Голубев 49-дан 48-ге, Александр Недовесов 54-тен 53-ке көтерілсе, А.Бублик 165-тен 172-ге төмендеді.

Бірінші орынды 7450 ұпаймен Нидерланд өкілі Уэсли Колхоф пен британиялық Нил Скупски бөліссе, америкалық Раджив Рам үздік үштікті түйіндеп тұр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің Словакиядағы турнирде жеңімпаз атанғанын, теннистен әлем чемпионатының іріктеу сатысында Қазақстан әйелдер құрамасының Польшамен ойнайтынын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Юрий Польский Польшамен матчта Қазақстан құрамасы барын салатынынмәлім етті.

Фото: sports.kz