Қазақстандық теннисшілердің әлемдік рейтингтегі орындары белгілі болды

Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина 10-орнын сақтап қалса, Юлия Путинцева 43-тен 46-ға сырғыды.
Дүниежүзілік рейтингте бұрынғыша Польша өкілі Ига Швентек көш бастаса, белоруссиялық Арина Соболенко екінші орында. Америкалық Джессика Пегула үшінші сатыға көтерілді.
Жұптық сында Анна Данилина 25-сатыда қалса, Е.Рыбакина 113-тен 114-ке төмендеді.
Үздік үштікте Катерина Синякова (Чехия), америкалық Коко Гауфф, тағы бір чехиялық Барбора Крейчикова келеді.
Бүгін Е.Рыбакина Дубай WTA 1000 турнирінде әлемнің 36-ракеткасы, канадалық Бьянка Андреескумен, Ю.Путинцева рейтингте 28-орындағы хорватиялық Петра Мартичпен ойнайды.
А.Данилина жұптық сында бразилиялық Луиза Стефанимен бірге алғашқы айналымда канадалық Лейла Фернандес – америкалық Бетани Маттек-Сандспен кездеседі.
Осы ірі жарыста қазақстандық теннисшілер сәтті өнер көрсетсе, рейтингтегі орнын жақсарта алады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Дубай турниріндегі қарсыласы анықталғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Александр Бублик Францияда Марсель жарысында бақ сынайды.
Фото: instagram.com/lenarybakina