14:24, 17 Тамыз 2020 | GMT +5
Қазақстандық теннисшілердің WTA рейтингіндегі орны қандай
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) алғаш рет наурыз айынан бастап жалғыз және жұптық разрядтар рейтингілерінің соңғы нұсқасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
![None None](/static/img/plug.webp)
Әлемнің алғашқы ракеткасы атағын аустралиялық Эшли Барти сақтап қалды. Одан кейінгі орында румыниялық Симона Халеп және чех спортшысы Каролина Плишкова тұр.
Қазақстанның ең мықты теннисшісі Елена Рыбакина бұрынғысынша 17-ші орында, Юлия Путинцева-33-ші орында, Зарина Дияс екі сатыға төмендеп, 66-шы орында тұр.
Жұптық сында Қазақстан өкілі Галина Воскобоева 61-орыннан 62-орынға, Анна Данилина — 126-орынға (-1), Путинцева — 171-орынға (-1) сырғыды.