14:20, 30 Шілде 2012 | GMT +5
Қазақстандық «The Jigits» тобы «Жаңа толқын» байқауында төртінші орын алды
АСТАНА. 30 шілде. ҚазАқпарат - Юрмалада 11-рет өткен Халықаралық жас орындаушылардың «Жаңа толқын» байқауы аяқталды.

Қазақстандық «Жұлдыздар фабрикасының» қатысушылары - «The Jigits» тобы төртінші орынға ие болды.
RusLife.eu порталының хабарлауынша, біздің жігіттер 189 балл жинаған. Бас жүлде және 50 мың еуро ресейлік Niloo-ға бұйырды. Екінші орын және 30 мың еуроны итальяндық Констанцо Дель Пинто жеңіп алды. Үшінші орынға және 20 мың еуроға Украина әншісі Мария Яремчук қол жеткізді.
Жаңа толқын» байқауына Ресей, Армения, Қазақстан, Латвия, Литва, Нигерия, Италия, Израиль, Украина, Беларусь және тағы басқа елдерден 16 үміткер қатысты.