Қазақстандық тоғыз шаңғышы Тур де Ски турниріне қатысады
Әйелдер құрамасында Валерия Тюленева, Анна Шевченко, Ирина Быкова, Ксения Шалыгина бар болса, ерлер тобында Виталий Пухкало, Денис Волотка, Асет Дюсенов, Наиль Башмаков, Владислав Ковалев бақ сынайды.

«Биыл біздің құрама алдыңғы жылдармен салыстырғанда үлкен құраммен барады. Әрқайсысының алдында жаттықтырушының тапсырмасы, мақсат пен міндеттер тұр. Мұнда бәсеке жоғары, сайыстар күнде болады, үнемі көшіп жүру керек, ауа райына үйренісу керек. Осы тұрғыдан спортшыларымызға оңай болмасы анық», - деді Ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Александр Батяйкин.
Жарыс кестесі:
28.12.2019 – Ленцерхайде (Швейцария) – масс-старт, еркін стиль стиль, 10/15 км
29.12.2019 – Ленцерхайде (Швейцария) – спринт, еркін стиль
31.12.2019 – Тоблах (Италия) – жеке сайыс, еркін стиль 10/15 км
01.01.2020 – Тоблах (Италия) – із кесу сайысы, классикалық стиль, 10/15 км
03.01.2020 – Валь-ди-Фьемме (Италия) – масс-старт, классикалық стиль, 10/15 км
04.01.2020 – Валь-ди-Фьемме (Италия) – спринт, классикалық стиль
05.01.2020 – Валь-ди-Фьемме (Италия) – «Тауды бағындыру», масс-старт, еркін стиль