Қазақстандық тоғызқұмалақшылар Қырғызстанның ашық біріншілігінде үздік шықты

АЛМАТЫ. Мамырдың 16-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстандық тоғызқұмалақшлар мамырдың 9-15-і күндері Бішкекте өткен Қырғыз Республикасының ашық біріншілігінде үздік шықты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қырғыз елінің астанасында өткен бұл байрақты бәсекеге ұлттық құраманы бас бапкер Айнұр Жақыпбаева бастап барған болатын. Онда ерлер арасында бірінші орынды ақтөбелік Нұрбек Қабиев, екінші орынды - семейлік Алмат Жақсылықов, ал үшінші орынды - жарыс қожайындарынан Қанышбек Қасымов иеленді. Әйелдер арасында бұл жолы тұғырдың үш сатысына да қазақстандықтар көтерілді. Мәселен бірінші орынды тараздық Райхан Амантаева, екінші орынды ақтөбелік Алмагүл Тәпішева, үшінші орынды Фарида Әуесбаева жеңіп алды.
Соңғы жаңалықтар