02:26, 16 Шілде 2017 | GMT +5
Қазақстандық төлқұжат Орталық Азия бойынша ең «мықты» болып танылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық төлқұжат Орталық Азия бойынша ең «мықты» болып танылды. Бұл төлқұжаттың визалық мүмкіндіктерді пайдалануы бойынша анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Passport Index порталына сілтеме жасай отырып.

Қазақстандық төлқұжат Passport Index порталы жасаған рейтинг қорытындылары бойынша Орталық Азияда ең "мықты" деп танылды. Тізімдегі орындар азаматтарға визасыз кіруге болатын елдер санының көрсеткіші бойынша анықталды.
Жалпы рейтингте Қазақстан 56 орынға (71 елге еркін кіре алады) табан тіреп, Қырғызстан (68-ші орын және 58 елге еркін кіреді), сондай-ақ Өзбекстан (72-ші орын, 58 ел), Тәжікстан (71-ші орын, 54 ел) және Түркменстан (78-ші орын, 48 ел) сияқты елдерді басып озды.
Рейтинг көшбасшыларының үштігі - Германия (158 ел), Сингапур (158) және Швеция (157). Рейтингтің соңында Ирак (26 ел), Пәкістан (25 ел) және Ауғанстан (22 ел) тұр.