20:49, 01 Маусым 2022 | GMT +5
Қазақстандық төрешілер таэквондодан халықаралық дәрежедегі рефери атанды
БАКУ. ҚазАқпарат – Әзірбайжанның Баку қаласында таэквондо бойынша төрешілер мен жаттықтырушыларға арналған семинар аяқталды. Оған отандық мамандар да қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Семинар аясында төрешілер білімдерін шыңдады. Қорытындысы бойынша үш қазақстандық төреші - Малика Жандаева (Алматы қаласы), Айдана Махимова (Атырау облысы), Асылбек Байқоңыров (Жамбыл облысы) халықаралық дәрежедегі рефери атағына ие болды.
Фото: olympic.kz