Қазақстандық төрт боксшы Иштван Боскай мемориалының финалына шықты (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Венгрияның Дебрецен қаласында бокстан Иштван Боскайды еске түсіруге арналған турнир өтуде - бұл 1956 жылы алғаш рет ұйымдастырылып, Еуропадағы байырғы ең беделді құрлықтық жарыстардың біріне айналды.
Турнирге 29 елден 168 боксшы қатысуда, олардың арасында екі әлем чемпионы және жеті Еуропа чемпионы бар.
Қазақстандық команда фавориттердің бірі; ширек финал сатысында біздің бір ғана боксшымыз - Әбілхан Аманқұл (75) ғана ойыннан шығып қалды.
5 ақпанда жартылай финалдық сайыстарда Айқынбай Шалқар (49) түрік спортшысы Остүрік Толгаханды, Ілияс Сүлейменов (52) венгр Нандор Чокты жеңді, ал Абылайхан Жүсіпов (64) канадалық Мовладин Биарслановтан басым түсті. Төртінші болып финалға Әли Ахмедов (81) шықты - ол Грузиядан Кизирия Янгоны 3:0 есебімен ұтты. Бұл туралы Қазақстандық бокс федерациясы хабарлады.
Сөйтіп Қазақстан күшті командалар қатарынан орын алып, төрт медальға үміткер болып отыр, енді медальдардың алтын не күміс болары 7 ақпанда өтетін финалдан кейін анықталады.