Қазақстандық түлек АҚШ Мемлекеттік департаментінің құрметті наградасымен марапатталды

АСТАНА. 26 ақпан. ҚазАқпарат - Американдық білім бағдарламасын бітірген қазақстандық түлек АҚШ Мемлекеттік департаментінің құрметті наградасымен марапатталды.

Қазақстандық түлек АҚШ Мемлекеттік департаментінің құрметті наградасымен марапатталды

Бүгін елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада еліміздегі АҚШ Елшілігінің Уақытша сенімді өкілі Джон Ордвей 2005-2007 жылдары Эдмунд Маски бағдарламасын бітірген Самат Пановқа «Ай түлегі» наградасын табыс етті.

«Бұл награда Қауымдастық, клуб үшін және де толықтай алғанда Қазақстан үшін де мәртебелі. Соңғы бірнеше жылда бірде-бір түлек, қазақстандық азамат бұл наградаға ие болған жоқ», - деді ол.

Самат Панов 2005-2007 жылдары Эдмунд Маски бағдарламасын бітірген. Ағылшын және қазақ тілдерінде көшбасшылық, шешендік дағдыларды үйрететін Орталық Азиядағы бірінші Тостмастерлер клубының негізін қалаған. Қазіргі уақытта Астаналық түлектер қауымдастығын басқарады.