Қазақстандық турист Үндістанда бұзақылық шабуылдың құрбаны болды

АСТАНА. 26 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстандық турист Үндістанда бұзақылық шабуылдың құрбаны болды, деп хабарлайды «The Times of India» порталы.

Қазақстандық турист Үндістанда бұзақылық шабуылдың құрбаны болды

Интернет-қордың мәліметінше, қазақстандық 23 жастағы турист Үндістанның Бхубанешвар (Bhubaneshwar) қаласының жағажайында жараланды. Сақшылардың сөзіне қарағанда, жәбірленушіге бірнеше рет пышақ салынған, одан кейін жас жігіт ауруханаға жеткізіліп, қажетті көмек алды.

Зардап шегушінің сөзіне қарағанда, бейтаныс үш адам ақша талап еткен, одан бас тартқан соң, «суық қаруды қолданған».