Қазақстандық туристерге Брунейге сапарламастан бұрын елдің заңымен жете танысуға кеңес беріледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Брунейге сапарламастан бұрын осы елдің заңындағы ерекшеліктермен жете танысуға кеңес береді.
«Бруней-Даруссалам мемлекетінде шариғат қылмыстық құқығы енгізілген. ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитеті түсініспеушіліктер мен тосын жайттарға тап болмау үшін осы жаңашылдықтарға ерекше назар аударады. Мәселен, заңда «қоғамдық адамгершілікті кемсіту», «дінді немесе пайғамбарды кемсіту», «адамгершілікке жат киім кию» сынды мәселелер барынша кең түрде түсіндірілуі мүмкін. Шариғат құқында құндай іс-әрекеттер үшін жазаның таспен/таяқпен дүрелеу түрінен бастап, түрмеге қамау және өлім жазасына кесу де қарастырылған», - делінген хабарламада.
Айта кетерлігі, 2012 жылы Бруней-Даруссалам мемлекеті мұсылмандар саяхаттайтын үздік елдер рейтингінде ондыққа кірген болатын. Жыл сайын бұл мемлекетке әлемнің барлық елдерінен, оның ішінде Қазақстаннан да 150 мыңға жуық турист саяхаттайды.
«ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Бруней-Даруссалам турларын ұйымдастыратын туроператорлар мен турагенттіктерге сұлтанатқа бармақ ниеттегі туристерге осы елде енгізілген нормалар жайында алдын ала ескертуге кеңес береді», - деп хабарлады ведомстводан.