Қазақстандық туристі өлтірген төртінші қылмыскер ұсталды
АСТАНА. 22 тамыз. ҚазАқпарат - Қырғызстанда қазақстандық турист Ерлан Балмахаевты өлтірген төртінші қандықол қылмыскер ұсталды.
Бұл туралы «24.kg» АА Ыстықкөл облысы Ішкі істер басқармасына сілтеме жасап хабарлады.
Ведомствоның дерегіне қарағанда, Ерлан Балмахаевтың өліміне қатысты төртінші адам ұсталды. Ол 1996 жылы туған жергілікті тұрғын болып шықты.
Еске сала кетейік, 2011 жылдың 7 тамызына қараған түні Ыстықкөл ауданы Қара-Ой ауылындағы «Рохат-НБУ» пансионатының жағажай аумағында Қазақстан Республикасының азаматы Ерлан Балмахаевты соққыға жығып, тонап кеткен еді. Ол Шолпан Ата қаласындағы Ыстықкөл аудандық ауруханасына жатқызылған болатын. Өкінішке қарай, ол 14 тамызда есін жимастан қаза тапты.