Қазақстандық туризмнің ұстанымы бойынша бірыңғай маркетингтік стратегия жоқ - С. Әйімбетов
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның имидждік сипаттамасын енгізу мәселесі өткір күйінде қалып отыр. Қазақстандық туризмнің ұстанымы бойынша бірыңғай маркетингтік стратегия жоқ.
Бүгін Мәжілісте еліміздегі туризм саласын дамыту перспективалары жайында өтіп жатқан Үкімет сағатында Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы, депутат Сейітсұлтан Әйімбетов осылай мәлім етті.
«Өкінішке орай, біз курорттық аймаққа бай емеспіз. Бізде тұрақты қолайлы климат кезеңдері жоқ, сондықтан ұлттық бірегей ортаға бағытталып, біздің Отанымыздың дәстүрі мен тарихына сүйенуіміз қажет», - деді қосымша баяндама жасаған депутат Сейітсұлтан Әйімбетов.
Бұл ретте депутат туристік лагерьлер орындарында «айтыстар», «ат жарыстары», «көкпар», бүркітпен аң аулауды ұйымдастыру, «саумалы қымыз» сияқты дәстүрлі емдеу әдістері арқылы денсаулықты сауықтыруға демалыс орындарына белсенді түрде тарту, театрландырылған тарихи қойылымдар және т.б. ұйымдастырып, ұлттық салт-дәстүрлерге тарту арқылы келушілердің қатарын ұлғайта түсу қажет.
«Халықаралық тәжірибенің өзі осы тақырыпта көптеген мысалға толы. Айталық, Канаданың Квебек қаласындағы «Қысқы карнавал» немесе Латын Америкасының «Оруродағы карнавал» 500 мыңдай адамның қатысуымен өтеді. Ал «Бразилия карнавалы» жыл сайын 800 мыңнан астам туристі тартады. Сонымен бірге, біз туристік айналымға қазіргі заманғы ғылым мен техниканың жетістіктерін тарта отырып, шағын және орта бизнестің дамуына серпін беріп, өз қоғамымыздың заманауи технологияларға ие екенімізді көрсете аламыз. Мысалға айталық: Байқоңырдағы «Ғарыш айлағы» құрылысы ше? «НАСА»-ның «Мыс Канаверал» ғарыш орталығын аралап көруге жыл сайын 1 млн. адам келеді екен», - дейді депутат С. Әйімбетов.