Қазақстандық ҮЕҰ Адам құқықтары жөніндегі екінші ұлттық іс-қимыл жоспарының тұжырымдамасын дайындады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Азаматтық қоғам өкілдері Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссиямен бірлесе отырып, Адам құқықтары жөніндегі екінші ұлттық іс-қимыл жоспарын жасап, оның заңдық негізде қабылдануы үшін талқылауға ұсынуға дайын.
None
None

Бұл туралы MediaNet Халықаралық журналистика орталығының баспасөз қызметі хабарлады. Еуропалық Одақ қаржыландырып отырған «Адам құқықтары жөніндегі келесі екінші ұлттық іс-қимыл жоспарын жасап, іске асыруда азаматтық қоғамның үлесін арттыру» жобасы аясында құқыққорғаушылар жауапты мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, 2020 жылға дейін Жоспарды іске асыруды өзінің міндеті деп есептейді. «Жаңа Жоспарда уақыт нақты көрсетіледі деп жоспарлануда. Сонымен қатар, құжатты заңды тұрғыдан бекіту қажет. Яғни, бұл құжаттың барлық мемлекеттік органдар өкілдерінің іс-қимыл нұсқаулығы ретінде қолданылғаны жөн. Құқыққорғаушылар тұжырымдамалық құқыққорғау тетіктері мен адам құқықтары жөніндегі негізгі ережелерді қамтитын екінші Ұлттық Жоспарды жасап, онда Адам құқықтары жөніндегі уәкіл шеңберінде БҰҰ адам құқықтары жөніндегі Кеңес пен БҰҰ мамандандырылған комитеттерінің Қазақстанға берген барлық ұсыныстарын қамтуға дайын», - деді Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық Халықаралық бюросының директоры Роза Ақылбекова. Құқықтық саясатты зерттеу Орталығы (LPRC) директорының орынбасары Татьяна Зинович азаматтық қоғамның ұсыныстары мен бірінші Жоспардың іске асырылу жағдайы толығымен ескерілетін жаңа Жоспарды жасау қажет деп есептейді. «Жоба шеңберінде іске асырылатын барлық іс-шаралар - дөңгелек үстелдер, конференциялар, шолуларды дайындау - барлығы мультимедиялық түрде берілетін болады. Ал, бұл ақпаратты әр түрлі, мәтіндік және көрнекілік форматта таратуға және қоғамның оған деген сұранысын арттыруға мүмкіндік береді», - деді MediaNet Халықаралық журналистика орталығының директоры Игорь Братцев. «Адам құқықтары жөніндегі екінші Ұлттық іс-қимылдар жоспарын жасап, іске асыруда азаматтық қоғамның үлесін арттыру» жобасын Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюро (АҚЗСҚХБ), Құқықтық саясатты зерттеу орталығы (LPRC) және MediaNet Халықаралық журналистика орталығы іске асырады. Екі жылдық жобаның жалпы бюджеті 300 000 евро. Еуроодақтың жобаға қосқан үлесі 275 000 евро.

Соңғы жаңалықтар