Қазақстандық ҮЕҰ-лар дәрі-дәрмектерді сатып алу жүйесін және олармен республиканың төрт қаласын қамтамасыз ету жағдайын сараптауға кірісті

Қоғамдық мониторинг бойынша жобаның жұмысы жайлы бүгін Алматыда өткен арнайы баспасөз мәслихатына қатысушылар мәлім етті.
Жобаны "Аман-саулық" қоғамдық қоры дайындаған. Жоба тегін медициналық көмек кепілдігі болып табылатын институттың қамтамасыз ету тиімділігін арттыру және қызметінің ашық екендігін көрсету мақсатында іске асырылуда. Жоба барысында жасалатын қоғамдық мониторинг Алматы, Қызылорда, Қарағанды, Семей қалаларында ҮЕҰ-лардың, республикалық қоғамдық бірлестіктердің, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету саласының халықаралық және ұлттық сарапшылардың қатысуымен өткізілмек.
"Қазақстан ТМД елдері арасында бірінші болып тасымалдау үлгісінің жаңа түріне көшкен ел. Бұл үлгі біздің күтуімізше, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету мәселесін шешуі керек болатын. Бірақ, бірінші жартыжылдықтың нәтижесі, дәрімен қамтамасыз ету үлгісінің жүзеге асырылмағандығын, емделушілердің әлі күнге дейін уақытында дәрілерін ала алмай отырғандығын көрсетті. Біз құқық қорғау ұйымы ретінде ендігі мақсатымыз, жіті мониторинг жүргізу", деді "Аман-саулық" қоғамдық қорының президенті Бақыт Түменова. Оның айтуынша, бұл идея Сорос-Қазақстан қорының қолдауымен, "Мемлекеттік ресурстардың ашықтығы" бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.
Сорос-Қазақстан қорының Басқарма төрағасы Анна Александрованың айтуынша, тәуелсіз сарапшылардың бағасы қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы мәселелерді тиімді шешу жолдарын табуға, және халықтың қажетті дәрілеріне деген қолжетімділігін жақсарта түсуге септігін тигізеді.