«Қазақстандық ұлтаралық татулық - бүкіл әлем үшін бейбітшілік формуласына айналды» - Мәжіліс депутаты Зухра Саяпова

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандағы ұлтаралық татулық  - бейбітшілік формуласына айналды. Ол бүкіл әлемдік қоғамдастық үшін - эталон. Бүгінгі таңда көптеген елдер ұлтаралық татулық мәселесі бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңесміне жүгінуде.
None
None

Бұл жөнінде бүгін Астанада Орталық коммуникациялар орталығында өткен баспасөз мәслихатында Мәжіліс депутаты Зухра Саяпова мәлімдеді.

Оның айтуынша, Қазақстан халқы Ассамблеясы биыл өзінің алдағы  18 сәуір күні Астана қаласында өтетін 21-сессиясына жақсы дайындықпен келіп отыр. Күні бүгінгі дейін Ассамблея туралы арнайы заң мен доктрина қабылданды.

«Қазақстан халқы Ассамблеясының қажырлы еңбегінің арқасында бүгінде еліміздегі ұлтаралық татулық - жергілікті халықтардың менталитетіне айналды», -  деді Мәжіліс депутаты Зухра Саяпова.

«Кезінде БҰҰ бұрынғы Бас хатшысы Кофи Аннан мырза біздің жұмысымызбен танысып: Қазақстан халқы Ассамблеясы - бейбітшілік моделіне айналғанын атап өткен болатын»,  - деді өз кезегінде Мәжіліс депутаты Ахмет Мұрадов.

Оның айтуынша, бүгінде Ассамблея тек ұлтаралық мәселелерді ғана емес, басқа да барлық қоғамдық мәселелерді талқылап, нақты ұсыныстар айта алатын дәрежеге жетіп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан бүгінде тоғыз адам -  Парламент Мәжілісінің депутаты.  

 

 

 

Соңғы жаңалықтар