Қазақстандық үш кәсіпқой боксшы Мәскеуде жекпе-жек өткізеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 7 қараша күні Мәскеуде өтетін бокс кешінде Қазақстан өкілдері өнер көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандық үш кәсіпқой боксшы Мәскеуде жекпе-жек өткізеді

ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» аккаунтында мәлім етілгендей, бокс кешінде кәсіпқой рингтегі өзінің үшінші айқасын 22 жастағы Илья Очкин (2-0) өткізеді. Бірінші орта салмақтағы спортшының қарсыласы әзірге белгісіз.

Сондай-ақ шаршы алаңға Tukeshov Boxing Promotions компаниясының боксшылары - 18 жастағы Абылайхан Бітімов (1-0, 1КО) пен Жәнібек Бақытов (дебют) шығады. Бітімовтың қарсыласы - қырғызстандық Майсалбек Есенов, ал Бақытов ресейлік Жахонгир Журамурадовпен қолғап түйістіреді.