Қазақстандық ұшқышсыз ұшу аппараттары экспортқа шығарылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ Сербияның «YUGOIMPORT-SDPR» компаниясымен өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрияжәне инфрақұрлымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Келісімге орай отандық ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппараттары аталған мемлекеттің нарығына шығарылмақ.

Сондай-ақ Келісім елдер арасындағы әскери техникалық құралдарды бірлесе өндіру бойынша бірқатар уағдаластықтарды қамтиды. Оның ішінде заманауи әскери қару-жарақ түрлерін шығару, қорғаныс-өнеркәсіп кешені саласындағы ең жаңа әлемдік стандарттар мен практикаларды енгізу көзделген.

Басқосуға ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев, ұлттық және шетелдік компания өкілдері, сондай-ақ жауапты ұйым басшылары қатысты.

«Қазақстандық өнімнің әлемдік нарыққа шығуы бізге үлкен мүмкіндік береді. Сонымен қатар сұраныстың болуы – қазақстандық өнімнің шетелдік өндірушілермен бәсекеге түсе алатындығының айқын көрсеткіші деп санаймын. Алдағы уақытта осы тараптағы әріптестігімізді арттыра түсетін боламыз», – деп атап өтті ҚР ИИДМ басшысы.

«Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Теміржан Әбдірахмановтың айтуынша, алдағы уақытта Қазақстан мен Сербия кәсіпорындары 82 және 120 мм калибрлі зымыран-артиллериялық оқ-дәрілер мен минометтерді бірлесіп өндірмек.

«Біздің компания үшін бұл дамудың маңызды кезеңі. Шетелдік нарықтарға шығу – бұл бізге өзімізді танытуға, өндірісті кеңейтуге, басқа елдердің сатып алу әлеуетін пайдалануға және саланы дамытуға мүмкіндік береді», – деді Т. Әбдірахманов.


Соңғы жаңалықтар