Қазақстандық В.Седов ауыр атлетикадан Азия чемпионатында алтынға ие болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия біріншілігінде қазақстандық Владимир Седов алтын медаль иеленді, деп хабарлайды sports.kz.

Қазақстандық В.Седов ауыр атлетикадан Азия чемпионатында алтынға ие болды

94 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде В.Седов жиыны 386 келі салмақ нәтижесімен алғы шықты (175+211), қосымша алтын медальге ие болды.

Еске сала кетсек, кеше жерлесіміз Денис Уланов (85 келі) алтынға қол жеткізген болатын.