Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстандық ватерполшылар әлем чемпионатындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Кванджуда су спорты түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионаты жалғасуда. Су добынан ерлер арасындағы сында Қазақстан командасы алғаш рет жеңіске жетті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстандық ватерполшылар әлем чемпионатындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Қазақстандықтар Оңтүстік Кореямен кездесіп, 17:4 (4:1, 4:2, 7:0, 2:1) есебімен басым түсті. Бұл - Шведов шәкірттерінің Кванджудағы алғашқы жеңісі. Бұған дейін біздің команда Хорватия, Австралия және АҚШ-қа есе жіберген болатын.

Келесі кездесу Қазақстан мен Бразилия арасында өтеді. Екі команда 13-орынға таласады.

Матч 23 шілдеге жоспарланған.