15:18, 16 Наурыз 2009 | GMT +5
Қазақстандық велоклубтың шабандоздары Италиядағы «Тирренo ? Адриатикo» жарысында көш бастап келе жатыр
АЛМАТЫ. Наурыздың 16-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстандық клубтың велошабандозы Италиядағы «Тирренo – Адриатикo» жарысында көш бастап келе жатыр,
деп хабарлайды ҚазАқпарат «Астана» клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Наурыздың 11-і күні жалауын көтерген бұл бәсекенің 5-ші кезеңінде кеше «астаналық» Андреас Клёден «Лoрета ? Мачерата» арасындағы 30 шақырымдық сында мәре сызығын бірінші боп кесіп өтті. Сондай-ақ 5 кезеңнің қорытындысы бойынша негізгі жіктелімде көш бастады. Андреастан 2-3-інші орындағы Томас Лёквист 0:06, ал Микеле Скарпоне 0:21 секундқа кейін қалып қойды. Олар 5-ші кезеңде көмбеге 3-4-інші боп жеткен болатын. Наурыздың 17-сіне дейін созылатын бұл жарыстың ең ауыр кезеңі бүгінгі Чивитанoве Марке мен Камеринo арасындағы 235 шақырымдық сайыс болмақ. Онда жарақатына байланысты «Астана» клубының намысын қорғап жатқан 7 спортшының арасындағы Яни Брайкович жарысты ерте аяқтаған болатын. Енді Андреас Клёденға алдағы сындарда да көшбасшылық тізгінді сақтап қалуға Асан Базаев, Дмитрий Муравьев, Максим Иглинский, Сергей Ренев, Грегори Раст сияқты командалас серіктері қолдау көрсететін болады.