Қазақстандық велошабандоз А. Винокуров халықаралық рейтингте бір сатыға төмен түсіп қалды

ТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - «Астана» велокомандасының капитаны Александр Винокуров Халықаралық велосипедшілер одағының (UCI) рейтингісінде бір сатыға төмен түсіп қалды.

Қазақстандық велошабандоз А. Винокуров халықаралық рейтингте бір сатыға төмен түсіп қалды

UCI сайтында жарияланған Одақтың жаңа рейтингісінде Винокуров 15-сатыға орналасты. Атақты қазақстандық велошабандоз «Тур де Франс-2011» жарысы кезеңдерінің бірінде ауыр жарақат алып, бірнеше ай өткізіп алған болатын. Тізімнің көш басында Филипп Жильбер орналасқан, ал биылғы «Тур де Франстың» жеңімпазы Кедал Эванс 2-орынға жайғасқан. Испаниялық Альберто Контадор рейтингтің үшінші сатысында тұр.

Ал командалық көрсеткіштер бойынша «Астана» клубы өзінің 15-орнын сақтап қалды. Бірінші, екінші және үшінші орындарды тиісінше Omega Pharma-Lotto, Sky Procycling және Leopard Trek командалары бөліскен.