Қазақстандық велошабандоз Әлем кубогы кезеңінде жеңіске жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Tour de DMZ 2017» үшінші кезеңінде қазақстандық велошабандоз Игорь Чжан мәре сызығын бірінші болып кесіп өтіп, жеңіс тұғырынан көрінді. Бұл туралы Sports.kz хабарлайды.

Қазақстандық велошабандоз Әлем кубогы кезеңінде жеңіске жетті

Еске сала кетейік, аталған тур Әлем кубогының кезеңі болып саналады.

Осы жеңістен кейін қазақстандық спортшы жалпы есепте де бірінші орынға шықты. 3 қыркүйек күні Оңтүстік Кореяда басталған Tour de DMZ 2017 жарысының бүгін соңғы, төртінші кезеңі өтеді.