11:20, 01 Қыркүйек 2014 | GMT +5
Қазақстандық велошабандоз Италияда жеңіске жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - «AstanaContinentalTeam» командасының велошабандозы Тілеген Майдос итальяндық Карнагода бір күндік жарыста таудағы жіктелімде жеңіске жетті, деп хабарланды команданың сайтында.

«Бұл 8 айналымнан тұратын сақина тәрізді жарыс. Біз лайықты нәтиже көрсетуге тырыстық. Үнемі алда болдық. Кез келген шабуылға қарсы тұрдық, сөйтіп, мен тауда ұпай жинадым. Бүкіл команда жарысқа белсенді атсалысты, соңына қарай Ғалым Ахметов 3 шабандозбен кейінде қалып еді, мәреге 4 шақырым қалғанда қуып жетті. Ойлағанымыздың бәрі бірдей көңілден шықпаған шығар, дегенмен біз жаман жұмыс жасаған жоқпыз», - деп әсерімен бөлісті Тілеген.
Қазақстандық команданың тағы бір шабандозы Вадим Галлеев Tour of China жарысының бірінші бөлімінде екінші кезеңде үшінші орынға ие болды.