Қазақстандық велошабандоз қыздар Түркияда Гран При турнирінде бақ сынады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түркияда велоспорттан әйелдер арасында Гран При бәсекесі мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
None
None

Olympic.kz аталған жарыстағы қазақстандық спортшылар нәтижесін ұсынды.

Қазақстандық Фаина Потапова жарыс қорытындысы бойынша 14-ші орынға жайғасты.

Марина Кузьмина болса 15-ші, Жанерке Санақбаева 17-ші болып мәре сызығын кесті. Ал Светлана Пащенко - 20, Анжела Соловьева 26-шы болды.

Айта кетерлігі, велоспорттан Түркиядағы Гран При жарысында өзбекстандық Ольга Забелинская жеңімпаз атанды.


Соңғы жаңалықтар