Қазақстандық велошабандоздар "Tour de l'Abitibi" көпкүндігінде негізгі жіктелімде көш бастап келеді
АЛМАТЫ. 21 шілде. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Канаданың Квебек қаласында велоспорттан 17-18 жастағы спортшылар арасында "Tour de l'Abitibi" көпкүндігі өтіп жатыр.
Шілденің 19-ы күні жалауы көтерілген бұл дүбірлі доданың 112,8 шақырымдық алғашқы кезеңінде Роман Семёнов пен Виталий Марюхин 3-4 орын алды. Ал Тілеген Майдос 8-ші, Кирилл Пролубников 55-ші, Виктор Ошишев 101-ші, Имур Казанцев 111-ші боп мәре сызығын кесіп өтті. Осыған қарамастан, негізгі жіктелімде 7:25:35 уақыт көрсеткішімен қазақстандықтар көш бастап келе жатыр. Оларды 00:07секунд уақыт айрымашылығымен Жаңа Зеландия спортшылары өкшелеп келеді. Бұл жарыс жексенбі күні өз мәресіне жетеді.