Қазақстандық велошабандоздар Түркияда топ жарды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -Қазақстандық велошабандоз Андрей Ремхе Түркияның Кайсери жерінде жасөспірімдер арасындағы додада топ жарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Екінші кезеңде 104 км қашықтықта топтық жарыста үшінші орынды иеленген Андрей Ремхе жалпы классификацияның бірінші қатарында болды.
Жалпы есепте екінші орын Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі Максим Тараскинге бұйырды.