Қазақстандық велосипедші Н.Күлімбетов Әзірбайжан жолдарындағы турда жеңіске жетті

БАКУ. 14 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Жалпыұлттық көшбасшы Гейдар Әлиевтің есіміне арналған Әзірбайжан жолдарындағы веложарыс аяқталды.

Қазақстандық велосипедші Н.Күлімбетов Әзірбайжан жолдарындағы турда жеңіске жетті

Соңғы бесінші кезеңде Қазақстан құрамасының мүшесі Нұрболат Күлімбетов жеңіске жетті, уақыт көрсеткіші - 2 сағат 57 минут 16 секунд. Екінші болып Геннадий Татарнинов («Итера Катюша») келсе, ивуариялық Иссиака Сиссе  (СМС) үшінші орыннан көрінді.

Күміс және қола жүлдегерлер мәре сызығында бірдей уақыт - 2 сағат 57 минут 22 секундты көрсетті.