13:39, 25 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Қазақстандық велосипедшілер Ашхабадтан 6 медальмен оралды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түрікменстан астанасы Ашхабад қаласында жауынгерлік өнер түрлері бойынша жабық ғимаратта өтіп жатқан V Азия ойындарында қазақстандық велосипедшілер 6 медальмен елге оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Велошабандоздарымызды Алматы әуежайынан спортшылардың жанкүйерлері мен туыстары күтіп алды. 
Жалпы Ашхабадта велосипед жарыстарында 9 команда ерлер арасында - 5, әйелдер арасында - 4 команда өнер көрсетті. Оның ішінде сегіз отандасымыз ел намысын қорғап, әртүрлі номинациялар бойынша 6 медаль, оның ішінде 3 алтын, 2 күміс және 1 қола жеңіп алды.
Енді, велошабондоздарымыз қараша айында Манчестерде өтетін әлем кубогында өнер көрсетеді.