Қазақстандық велоспорттан Азия чемпионатында жеңіске жетті

НҰРСҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Рината Сұлтанова Тәжікстанда өткен шосседегі Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық велоспорттан Азия чемпионатында жеңіске жетті

Ол жекелеген жарыста үздік атанды.

Велошабандоз 24 шақырымдық қашықтықты 33 минут 24,632 секундта еңсеріп, әйелдер арасындағы элиталық санаттағы үздік уақытты көрсетті.

Екінші орынды индонезиялық Делиа Приатна (+34,643) еншіледі. Қола медаль моңғол спортшысы Солонго Цэрэнлхамға бұйырды (+01:39.450).

Айта кетейік, Рината Сұлтанова шосседегі велоспорттан Азия чемпионы атағын жеңіп алған тұңғыш қазақ шабандозы атанды.