Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстандық велотрекші әлем кубогы кезеңінде ТОП-5 енді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Велотректен Қазақстан құрамасының көшбасшысы Артем Захаров Берлинде өтіп жатқан әлем кубогі кезеңінде алғашқы бестіктен көрінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық велотрекші әлем кубогы кезеңінде ТОП-5 енді

Захаров «омниум» дисциплинасында бақ сынаған болатын. Ол он айналымнан соң барлығы 99 ұпай жинап, бесінші орынға қол жеткізді. 

Аталған сында австралиялық Сэм Уелсфорд 128 ұпаймен жеңіске жетті. Екінші орында - испаниялық Альберт Торрес (118 ұпай), үшінші орында - Нидерланды спортшысы Виллем ван Шип.

Айта кетейік, Артем Захаров Азиады-2018-де екі мәрте қола медаль иеленген болатын.