Қазақстандық волейболшы қыздар Әлемдік Гран-придің үшінші кезеңінде Олимпиада ойындарының үш дүркін жеңімпазын ұтты

АЛМАТЫ. 19 тамыз. ҚазАқпарат - Кеше Алматыда волейболдан әйелдер арасындағы "К" тобындағы командалар арасында ХХІ Әлемдік Гран-при турнирінің үшінші кезеңі аяқталды.

Қазақстандық волейболшы қыздар Әлемдік Гран-придің үшінші кезеңінде Олимпиада ойындарының үш дүркін жеңімпазын ұтты

Жұма күні басталған бұл сайыста Александр Гутор жаттықтыратын қазақстандықтар нидерландылықтар мен бразилиялықтарға 0:3 есебімен ойсырай ұтылып, кубалықтарды 3:1 есебімен ұтты. Олимпиада ойындарының үш дүркін жеңімпазы саналатын кубалықтардан үш ұпай олжалаған қазақстандықтар Әлемдік Гран-при турнирінің алғашқы екі кезеңінде бірде-бір ойында жеңіске жете алмаған еді. Бұл кезеңде үш ойында да қарсыластарын ойсырата ұтқан бразилиялықтар мүмкін болған ең жоғарғы тоғыз ұпайды толық өз қоржынына сала алды. Ал нидерландылықтар - 6, қазақстандықтар 3 ұпай олжаласа, кубалықтардың қоржыны бос қайтты.