Қазақстандық волейболшы қыздар Азия чемпионатында жетінші орын алды

АЛМАТЫ. 22 қазан. ҚазАқпарат -Қытайдың Цзыян қаласында 12-20 қазан күндері 16 жасқа дейінгі жасөспірім қыздар арасында ІХ Азия чемпионаты өтті.
None
None

Онда Олег Муренко жаттықтыратын ел құрамасы топтық кезеңде «В» тобында өнер көрсетіп тайландтықтарға 0:3 боп ұтылып, моңғолиялықтарды 3:1 есебімен ұтты. 1/8 финалда қытайлықтарға (0:3) есе жібергенімен, гонконгтықтардан  (3:2) басым түсті. Алайда ширек финалда тайпейліктердің (0:3) осал тұсын таба алмай, 5-8 орын үшін таласта үндістандықтарға 1:3 боп ұтылып, гонконгтықтарды дәл осындай есеппен жеңді. Соның нәтижесінде 7-орынды қанағат тұтқан қазақстандықтар бұған дейін 2003, 2010 жылдары алтыншы сатыдан көрінген болатын. Азия чемпионатының жеңімпазы болған Жапония мен күміс және қола жүлдегері атанған Қытай, Тайпей құрамалары 2013 жылы Тайландта өтетін Әлем чемпионатының жолдамасын иеленді, ал тайландықтар оған алаң қожайындары ретінде қатыспақ.

Соңғы жаңалықтар