Қазақстандық волейболшы қыздар Азия чемпионатының ширек финалында кореялықтарға есе жіберді
АЛМАТЫ. 19 қыркүйек. ҚазАқпарат - Волейболдан Таиланд еліндегі Накхонратчасимада өтіп жатқан әйелдер арасындағы ХVII Азия чемпионатында Александр Гутор жаттықтыратын Қазақстан құрамасы бүгін ширек финалда Оңтүстік Корея спортшыларынан 0:3 (12:25 23:25 20:25) есебімен жеңіліс тапты.
Ал 1/8 финалдық сында Қазақстан құрамасынан 3:1 есебімен басым түскен жапондықтар ирандықтарды 3:0 есебімен ойсырата ұтты. Бүгін сондай-ақ, австралиялықтар филипиндіктерді, моңғолиялықтар мьянмалықтарды гонконгтықтар шри-ланкалықтарды, тайландтықтар тайбэйліктерді дәл осындай есеппен жеңді.
21 қыркүйекке дейін созылатын бұл додада қазақстандықтардың өткен жылғы көрсеткішін жақсартуға мүмкіндігі бар. Атап айтқанда, былтыр 9-орынды қанағат тұтқан олар,биыл алдағы сында 4-8-орындарға таласатын болады.