Қазақстандық волейболшы қыздар «Вьетнам теларнасы кубогы» турнирінде Тайланд құрамасынан басым түсті

АЛМАТЫ. 16 шілде. ҚазАқпарат - Волейболдан Ниньбинь қаласында өтіп жатқан «Вьетнам телеарнасы кубогы» халықаралық турнирінде Қазақстан-2 құрамасы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Қазақстандық волейболшы қыздар «Вьетнам теларнасы кубогы» турнирінде Тайланд құрамасынан басым түсті

Олар кеше Тайландтың 20 жасқа дейінгі жастар құрамасын 3:1 (25:21, 15:25, 25:16, 25:19) есебімен ұтып, алғашқы 3 ұпайға ие болды. Бүгін олар Австралия, ал ертең Вьетнам құрамаларымен кездеседі.

Людмила Перевертова жаттықтыратын қазақстандықтар бұған дейін Қытайдың «Jiangsu» мен «Shandong» клубтарына 0:3 есебімен ойсырай ұтылып, турнир кестесінде көш соңында қалып қойған болатын. Олардың бүгінгі қарсыласы бұған дейінгі кездесулерінде «Jiangsu» клубы мен Вьетнам құрамасына 0:3, Тайланд құрамасына 1:3 болып ұтылған еді. Ал вьетнамдықтар қытайлық қос клубтан 2:3 есебімен жеңіліп, австралиялықтардан басым түсті. Қазір турнир кестесінде 8 ұпаймен «Jiangsu» бірінші, 7 ұпаймен «Shandong» екінші, 6 ұпаймен Вьетнам үшінші орында тұр. Тайланд пен Қазақстан-2 құрамалары 3 ұпаймен 4-5 орындарды бөлісуде.