Қазақстандық волейболшы қыздар Вьетнамдағы халықаралық турнирдің жеңімпазы болды
Онда ел намысын қорғаған «Қазақстан-2» құрамасы барлық қарсыластарын айқын басымдықпен ұтып, жеңімпаз атанды. Олар жарыс қожайындарының «Bia Sài Gòn Thái Bình Dương» командасын 3:2 және «Vietsovpetro» деп аталатын тағы бір командасы мен Австралия құрамасын 3:1 есебімен ұтып, үш ойында 8 ұпай жинап, барлық қарсыластарын қапы қалдырды. Бас бапкер Людмила Перевертова бұл турнирде «Алматылықтардан» Ардақ Маратова, Екатерина Разоренкова мен Наталья Акиловаға, өскемендіктерден («Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс») Алия Баткульдина мен Диана Бортниковаға, «астаналықтардан» Айнагүл Айжарықоваға, «қостанайлықтардан» Анастасия Ростовщиковаға, оралдықтардан («Грация- KZ») Зарина Сейітқазиноваға, павлодарлықтардан («Ертіс-Қазхром») Диана Кавторинаға үміт артқан болатын.
Енді 12 шілде күні Ниньбинь қаласында тағы бір турнир өтеді. Ол - дәстүрлі «Вьетнам телевидениесі кубогы» жарысы. Бұл бәсекеге биыл Қазақстан, Вьетнам, Тайланд, Австралия құрамалары мен Қытайдың «Shandong» және «Jiangsu» командалары қатысқалы отыр.