13:02, 02 Қазан 2013 | GMT +5
Қазақстандық волейболшы жігіттер Азия чемпионатының плей-офф кезеңін сәтсіз бастады
АЛМАТЫ. 2 қазан. ҚазАқпарат - Біріккен араб әмірлігі елінің Дубай қаласында волейболдан ерлер арасындағы ХVII Азия чемпионатының плей-офф ойындары өтіп жатыр.

Кеше оңтүстік кореялықтарға 0:3 есебімен жеңілген қазақстандықтар бүгін енді ирактықтармен күш сынасады. Топтық сында «Е» тобының үздігі атанған кореялықтар Азия чемпионатында бұған дейін 4 дүркін жеңімпаз атанған болатын. Геннадий Паршин жаттықтыратын ел құрамасын 1/8 финалға шығу мүмкіндігінен айырған олар топтық сында ирактықтарды 3:0 есебімен ұтқан болатын. Енді қазақстандықтар 6 қазанға дейін созылатын бұл додада 9-16 орындарға ғана таласатын болды.