Қазақстандық волейболшы жігіттер Азия ойындарындағы алғашқы кезеңді сәтсіз бастады

АЛМАТЫ. 15 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қытайдың Гуанчжоу қаласында өтіп жатқан XVI Азия ойындарында Волейболдан Қазақстанның ерлер құрамасы алғашқы ойынын Үндістан құрамасымен өткізіп, 1:3 есебімен ұтылды.

Қазақстандық волейболшы жігіттер Азия ойындарындағы алғашқы кезеңді сәтсіз бастады

Геннадий Паршиннің шәкірттері алғашқы таймда 26:24 есебімен алға шыққан. Екінші таймда 25:23 есебімен үндістандықтар есепті теңестіріп кетті. Сондай-ақ ойынның қалған 2 бөлігінде (25:18, 25:11) көрсеткіштерін жақсартып, жалпы есепте 99:88 есебімен басым түсті.

Бүгін енді Қазақстан мен Вьетнам, Үндістан мен Оңтүстік Корея сынға түсуде. Бұған дейін кореялық волейболшылар вьетнамдық құрдастарын 75:38 есебімен (25:12, 25:10, 25:16) жеңген еді. Олар ақырғы ойынын 17 қараша күні Қазақстан құрамасымен өткізетін болады. Ертең екі команда да бір күндік демалыс алады.