Қазақстандық волейболшылар 2014 жылғы Әлем чемпионаты жолдамасынан тыс қалды
АЛМАТЫ. 9 қыркүйек. ҚазАқпарат - Австралияның Канберра қаласында 6-8 қыркүйек күндері волейболдан 2014 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу турнирі өтті. Геннадий Паршин жаттықтыратын ел құрамасы «А» тобында Тайланд пен Кувейт волейболшыларын 3:0 есебімен ойсыра ұтқанымен, жарыс қожайындарына 1:3 есебімен жеңіліп, 6 ұпаймен екінші орынды иеленді. Ал барлық қарсыластарын қапы қалдырған австралиялықтар келесі жылғы Әлем чемпионатының жолдамасын иеленді.
Қазақстандықтар үшін Әлем чемпионаты жолдамасына таласудың соңғы мүмкіндігі енді 28 қыркүйекте БАӘ-де жалауы көтерілетін Азия чемпионаты болмақ. Өткен жылы олар бұл додада 9-орынды қанағат тұтқан болатын.