Қазақстандық волейболшылар Австриядағы Халықаралық спорт фестивалінің жеңімпазы атанды

АЛМАТЫ. 9 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстанның 17 жасқа дейінгі жастар құрамасы 4-7 шілде күндері Австрияның Вена қаласында өткен Халықаралық спорт фестивалінде қатарынан 2-ші рет жеңімпаз атанды. Ұлттық құрама алғашқы ойында да, ақтық ойында Канаданың «Calgary Coults» командасын 2:0 есебімен ұтты.
None
None

Олар оның алдында Грузия құрамасы мен Канаданың «Essor Impulsifs», Германияның «VCO Offenburg», Швейцарияның «Volley Amriswil» командаларын да 2:0 есебімен ойсыра жеңген болатын. Бас бапкер Григорий Неклюдов бұл жарыста ел намысын қорғауды алматылық Әлібек Көпбергенов, Никита Чернецов, Дмитрий Настенко, Михаил Бобков, Андрей Кузнецов, Алексей Пономарев, Егор Неклюдов, өскемендік Иван Крюков, Евгений Якутин, тараздық Нұрдәулет Асқаров, батысқазақстандық Денис Кучеров пен Алматы облсынан Вадим Василенкоға сеніп тапсырған болатын. Жастар сенімді толық ақтап, өткен жылғы чемпиондық атағын бұл жолы абыроймен қорғап шықты.

Соңғы жаңалықтар
Референдум