«Қазақстандық волейболшылар әйелдер арасындағы клубтық Азия чемпионатында малайзиялықтардан басым түсті

АЛМАТЫ. 24 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Таиландтың Накхонратчасима қаласында волейболдан әйелдер арасында 13-клубтық Азия чемпионатының топтық кезеңінің екінші кездесулері болды.

«Қазақстандық волейболшылар  әйелдер арасындағы клубтық Азия чемпионатында малайзиялықтардан  басым түсті

Онда «В» тобында өнер көрсетіп жатқан Қазақстан чемпионатының жеңімпазы Малайзияның «Santa Barbara Polo & Racquet» командасын 3:0 еесебімен ойсырата ұтты.

Ел намысын қорғап жатқан Асқар Шалқыбеков жаттықтыратын Алматы облысының «Жетісу» командасы ертең енді Шри-Ланка спортшыларымен кездеседі. Бұған дейін олар 21 сәуір күні алғашқы кездесуде Қытайдың «Bridzstoum» командасына тай-брейкте 2:3 есебімен есе жіберген еді.